тегін жүктеу БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ - Экономика қазақша реферат - Қазақша рефераттар, тегін жүктеу - Қазақша рефераттар, ребустар, тест, кроссвордтар, слайдтар - Тегін қазақша рефераттар сайты
Сәрсенбі, 23.04.2014, 11:49
Қазақша рефераттар Гость | RSS

Тегін қазақша рефераттар сайты

Новости
Новое

Қазақша рефераттар, ребустар, тест, кроссвордтар, слайдтар

Тегін қазақша рефераттар сайты » Қазақша рефераттар, ребустар, тест, ережелер, кроссвордтар, слайдтар, дипломдық жұмыстар, курстық жұмыстар, тегін жүктеу » Қазақша рефераттар, тегін жүктеу » Экономика қазақша реферат

БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25.09.2013, 18:41

БАТЫС ЕУРОПА   ЕЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ    ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Экономикалық интеграцияның неғұрлым толық дамуына Батыс Еуропа елдері   қол жеткізді. Бұған объективті экономикалық қажеттіліктермен қатар, көптеген еуропалық қоғам қайраткерлері мен ойшылдардың бұрыннан келе жатқан біртұтас Еуропа туралы идеялары да көмектесті.

Еуропалық Одақтың пайда болып, дамуының қазіргі тарихы 1951 жылдан басталады. Осы жылдың сәуірінде құрамына 6 ел — Франция, ФРГ, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген Еуропалық көмір және болат бірлестігін құру туралы шартқа қол қойылды. Мұның өзі Батыс Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамы еді. Ал, іс жүзінде Еуропалық одақтың пайда болып, дамуы 1957 жылдан басталады. Дәл осы жылы жоғарыда аталған елдер Еуропалық Экономикалық Одақтастық және Атом Энергиясы бойынша Еуропалық одақтастық құру туралы шарттарға қол қойды. Одақтастықтың құрамындағы елдердің жоғары даму деңгейі, бұл ұйымның ондаған жылдар бойы экономикалық өсуінің қарқындылығын қамтамасыз етті.

Батыс Еуропа елдері интеграциясының 50-жылдардың  соңында басталып, қазірге дейін жалғасып келе жатқан  даму процесі бірқалыпты және ешбір қайшылықсыз жүріп  жатыр десек, ол шындыққа сай келмес еді. Дегенмен,  Еуропалық Экономикалық Одақтастықты құру кезінде  алға  қойылған  мақсаттар  мен міндеттер айтарлықтай  жүйелі және табысты түрде    жүзеге асып келе жатыр.

Батыс Еуропалық экономикалық интеграция процесін шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады.

            Бірінші  кезең — 50-жылдардың  соңы—70-жылдардың орта шені. Одақтастық өмірінің  «алтын ғасыры» деп аталады. Осы уақыт арасында жедел түрде Кедендік Одақ, Аграрлық рынок қалыптасып, Еуропалық Экономикалық Одақтастық  құрамына жаңа үш ел — Ұлыбритания, Дания, Ирландия қабылданды.

Еуропалық Экономикалық Одақтастықты немесе «Ортақ рынокты» құрудағы нақты мақсаттарға мыналар жатады:

                                        мүше  елдер арасындағы  сауда-саттықта  болуы
мүмкін кедергілерді бірте-бірте жою;

                                        үшінші елдермен сауда үшін бірыңғай  баж тарифін
орнықтыру;

                                        адамдардың, капиталдардың, қызмет көрсетулердің
еркін қозғалысына кедергілердің барлығын алып тастау;

                                        көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ортақ
саясат жүргізіп, оны бұлжытпай орындау;

                                        валюта одағын құру;

                                        салық жүйесін үйлестіру;

                                        заңдарды жақындастыру;

                                        экономикалық саясатты келістіру принциптерін жасау;

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін кешенді басқару құрылымы — Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың Министрлер Кеңесі, Еуропалық Одақтастықтың комиссиясы, Еуропалық одақ, Еуропалық сот, Еуропалық парламент құрылды.

Еуропалық Экономикалық Одақтастық өзінің бірінші мақсаты етіп тауарлардың, капиталдардың, қызмет көрсетулердің және жұмысшы күшінің ортақ рыногын қалыптастыру мәселесін қойды. Бұл үшін Кедендік Одақ құрылды. Шындығында келсек Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың негізін Кедендік Одақ құрайды.

Кедендік одақ шеңберінде:

1)        мүше елдердің өзара сауда қарым-қатынастарындағы кедергілер жойылады;

2)        үшінші елдерге қатысты бірыңғай баж тарифтері орнықты;

― капиталдар, кредиттер, ақша аудару қозғалыстарында еркіндікке қол жетті;

― жұмысшы күші миграциясы мен мекен-жай таңдау   еркіндігі қамтамасыз етілді.

Міне, осы шаралардың бәрі өнеркәсіптік интеграцияның жедел жүруіне оң әсерін тигізді. Сонымен бірге ұжымдық протекционизмді (қолдау) орнықтыру нысанында ауыл шаруашылығы қоры арқылы қаржыландырумен орнын толтыру (компенсация) жұмыстары жүргізіліп, аграрлық интеграцияға қол жеткізуге ұмтылыстар жасалды. Еуропалық Одақтың аграрлық саясаты мүше елдер үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көпшілігіне мейлінше төмен баға орнықтыру арқылы жасалатын бірыңғай баға жүйесін қалыптастыруға бағытталды. «Ортақ рынокты» қалыптастыру Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдерінің ұлттық монополияларының трансұлттық монополияларға айналуын жеделдетіп, серіктес елдердің экономикасына әсерін күшейтті.

Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдерінің дамуы одақтастыққа мүше елдердің тұйықталған ұлттық шаруашылық шеңберінен шығып, сыртқы рыноққа бейімделген, ашық типтегі экономикаға қарқынды түрде бет алысын көрсетті.

Екінші кезең — 70-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың ортасына дейін Еуропалық Одақ тарихында негізінен тоқырау кезеңі болып есептеледі. Әділін айту керек, Еуропалық Одаққа мүше елдер бұл кезеңде еуропалық валюталық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдап, сыртқы саясат жөніндегі консультациялар механизмін жасады. Дегенмен, көрініс бере бастаған негативті (теріс) тенденциялар батысеуропалық экономикалық интеграцияны едәуір дағдарысқа ұшыратты. Бұл дағдарыс „еуросклероз" деген атқа ие болды. 70-ші жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында Еуропалық Одақ елдерінің даму деңгейлеріндегі алшақтык, ұлғая берді. Еуропалық Одаққа 1981 жылы Грецияның қабылдануына байланысты бұл алшақтық кеңейе түсті, себебі Одақтастықтың басқа мүшелерімен салыстырғанда Грецияның экономикалық деңгейі анағұрлым төмен болатын.

Үшінші кезең—80-жылдардың екінші жартысы, 90-жылдардың басы — Одақтастықтың құрамын одан әрі кеңейту кезеңі. Одақтастыққа 1986 жылы Испания мен Португалияның қосылуы бұрын да орын алып келген еларалык, сәйкессіздіктерді ұшықтыра түсті. Еуропалық Одаққа кірген шақтағы Португалияның жан басына шаққандағы табысы мүше елдердің жан басына шаққандағы табысының жартысындай, ал Испанияның осы көрсеткіші 3/4-тей болды.

Аталған елдердің жұмысшы күшінің әрбір бесеуінің  біреуі ауыл шаруашылығында істеді, ал басқа мүше елдердің халық  шаруашылығындағы жұмысшы күшінің 13-нің бірі ғана ауыл шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен, нақ осы кезеңде батыс еуропалық интеграция  Біртұтас еуропалық актінің қабылдануына байланысты елеулі екпін ала бастады.

Біртұтас Еуропалық актіде Одақтастыққа мүше елдердің ортақ мақсаты — Еуропалық Одаққа қатысушы елдердің саяси альянсы (келісім бойынша бірігу) ретінде тек қана экономикалық, валюта-қаржылық, адами (гуманитарлық) ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көздеп қана қоймай, қауіпсіздікті қоса есептегендегі жан-жақты келісілген сыртқы саясат жүргізу. Біртұтас еуропалық актінің негізгі талабы және оның анық белгіленген мақсаты — Еуропалық Экономикалық Одақтастыққа мүше елдердің біріккен шаруашылық организмін, бірыңғай экономикалық кеңістіктігін  құру болып табылады. Біртұтас Еуропалық актіні қабылдау Одақтастыққа мүше елдердің микро және макро экономикалық, саяси және құқықтық, ғылыми және экологиялық, аймақтық даму және әлеуметтік қатынастар салаларындағы интеграциялық процестерді күшейтті. 90-жылдардың басында Еуропалық Одаққа мүше елдер ортақ рыноктың негіздерін жасауды іс жүзінде аяқтап, валюта-экономикалық және саяси одақты қалыптастыруға мейлінше жақындады.

Төртінші кезең — 90-жылдардың ортасы — XXI ғасырдың басы. Біртұтас еуропалық актінің ережелеріне сәйкес 1993 жылдың 1 -қаңтарынан бастап Одақтастық елдерінің аумағында өндіріс факторларының еркін қозғалысы қамтамасыз етілді. Сөйтіп, Одақтастық шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістік пайда болып, Еуропалық Одақтың Экономикалық интеграциясының жаңа кезеңі басталды.

1992 жылы ақпан айында қабылданған Маастрихт (Нидерланды) шартына сәйкес Еуропалық Экономикалық Одақтастық 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 мүше елдерден құралған Еуропалық Одаққа айналды. Еуропалық Одақ шеңберінде толық, бірыңғай ішкі рынокты құру жүзеге асты. Интеграциялық ынтымақтастықтың бұдан әрі дамуының мақсаттары жарияланды. Ол мақсаттарға ортақ валюта — Еуроны эмиссиялау (шығару) құқығына ие бірыңғай Еуропалық банкті құру, бірыңғай батысеуропалық кеңістікті жасау міндеттері кіреді. Еуропалық Одақтың үдемелі дамуы бұл процесте қиыншылықтар мен  қайшылықтар жоқ дегенді көрсетпейді. Жоғарыда Еуропалық Одаққа жаңа мүшелердің қосылуымен байланысты туындаған еларалық сәйкессіздіктер туралы айттық.

Еуропалық Одақты жаңа мүше елдермен толықтыру мүмкіндіктері едәуір мәселелерді шешуді талап етері анық. Мысалы, Еуропалық Одаққа толыққанды мүше болып қосылуды Туркия, Мальта және Кипр тағатсыздана күтіп отыр. 1996 жылдың қаңтарынан бастап Еуропалық Одақ пен Туркия арасындағы Кедендік Одақ туралы шарт өз күшіне енді.

Еуропалық Одақтық өз ішінде де барлығы да „теп-тегіс емес". Ең ірі қиыншылықтар Еуропалық валюта жүйесін қалыптастыру барысында байқалды. Еуропалық валюта жүйесінің кризисі 1992 жылы Ұлыбританияның фунт стерлингі мен Италияның лирасының 7%-ке девальвациялануы (құнсыздануы), сөйтіп Ұлыбритания мен Италияның Еуропалық валюта жүйесінен автоматты түрде шығып қалуынан көрінді. Валюталық одақты қалыптастыру ісі оған кірудің критерилерін анықтау қиыншылықтарымен байланысты. Айырбас курсының инфляциялық деңгейі, проценттік ставкалардың деңгейі, бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздар деңгейіне қойылған талаптарға тек қана Люксембургтың жағдайы сай келіп тұр. Еуропалық Одаққа мүше елдер арасында Одақты кеңейту, интеграцины тереңдету мәселелері төңірегінде де қайшылықтар баршылық.

Категория: Экономика қазақша реферат | Қазаша рефераттар: asia | Қазақша рефераттар: ЕЛДЕРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, БАТЫС ЕУРОПА, ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Просмотров: 1089 | Загрузок: 0 | Қазақша рефераттар: 5.0/1
Тегін қазақша рефераттар сайты.

Алибеков Бахыт

Сайт құрылған:
01.01.2012ж

Сайт администраторы: Алибеков Бақыт Мұқашұлы

E-mail: A.Bakyt_96_15@mail.ru

Skype: Torrent2x

Внимание: Сайт продается.... 

Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Полезное
Сайт статистикасы
Рейтинг@Mail.ru
Барлығы онлайн: 9
Қонақтар: 9
Тіркескендер: 0
Полезно
Администратор
Алибеков Бахыт - Сайт басқарушысы
Қазақша рефераттар
Сайт қалай ???
Всего ответов: 1116
Кіру формасы